«Атырау-Ақпарат» кубогын Жылыой ауданының командасы жеңіп алды (ФОТО)

IMG 6381 Жаңалықтар

Ұлт көшбасшысының кемел саясаты мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым міндеттерді насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аймақ шеңберінде «Туған жер» этно-мәдени іс-шаралар легін ұйымдастырған еді. Соның ішінде, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе, минифутболдан іріктеу ойындары да өткен-тұғын. Бүгін «Атырау» спорт кешенінде турнирдің ақтық кезеңі қорытындыланды.

IMG_6381

Сонымен, тартысты өткен жарыста бірінші орынды Жылыой (100 мың теңге), екінші орынды Мақат (60 мың теңге), үшінші орынды Махамбет (40 мың теңге) ауданының командалары жеңіп алды. Жекелей аталымдар бойынша Мақат ауданынан Еркебұлан Бейбітұлы «Үздік ойыншы», Құрманғазы ауданынан Мейрам Шакупов «Үздік қорғаушы» атанды.

IMG_6382

Ал, «Үздік қақпашы» номинациясын Миллат Идрисов пен «Үздік шабуылшы» атағын Хамит Қожаниязов иеленді.

IMG_6383

Турнир соңында жүлдегерлерге қаржылай марапат пен дипломдар табысталып, барлық қатысушылар естелік суретке түсті.

IMG_6384

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз