АТА ЗАҢЫМ – АЙБАРЫМ

 

Атырау облысының әкімдігі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлесіп, «КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖАТҚА БІЛЕМІН!» атты конкурс жариялады.

Конкурсқа Ата Заңымызды

барынша жатқа білетін адамдар қатыса алады.

Жеңімпаздар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті заң факультетінің, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің, Атырау бизнес және құқық колледжінің, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің білім гранттарына ие болуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, оларға Махамбет атындағы қазақ драма театры мен «Бейбарыс» хоккей командасының бір маусымдық тегін билеті және «Мұнайшы» бассейніне бір жылдық тегін абонемент тапсырылады.

Үміткерлер 2015 жылғы 20 тамызға дейін төмендегі мекен-жай бойынша тіркеле алады:

Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, 104 кабинет.

Байланыс телефондары: 8 (7122) 35-40-88, 35-42-63.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз