Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

unnamed file Жаңалықтар

Atr.kz/22 наурыз, 2019 жыл.  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына орай құттықтау жолдады.

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар. Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды. Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы. Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі. Бүгінде Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы. Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!

Дереккөз: Ақорданың баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз