Астрахань облысынан келген делегация «KPI Inc.» зауытының жұмысымен танысты

592e9d29 e998 4c75 a957 15f58cc6120e Жаңалықтар

Бүгін Атырауға екі облыс арасындағы достық пен өзара арақатынасты нығайту мақсатында Астрaхань облысынан делегация келді 

Сапар барысында қонақтар Атыраудағы полипропилен өндіретін зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

“KPI Inc.” компаниясынан қонақтарды Басқарма төрағасы-бас директордың міндетін атқарушы Дамир Ашимов қарсы алып, зауыт жұмысымен таныстырды.

— Теңіз кен орнынан алынатын пропанды өңдеуге маманданған “KPI Inc.” кешенінің қуаты жылына 500 мың тонна жоғары сапалы полипропиленді (64 маркаға дейін) синтездеуге есептелген. Бұл әлем бойынша полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайды. Бұл арқылы біз Қазақстанның полипропиленге деген ішкі қажеттілігін толығымен қамтамасыз ете аламыз. Қазіргі уақытта біз дайын өнімді (полипропилен) ішкі нарыққа және экспортқа жөнелтудеміз»,- деді «KPI Inc.» ЖШС басқарма төрағасы-бас директордың міндетін атқарушы Дамир Ашимов.

Делегация пропанды құю және сақтау паркін, дайын өнім қоймасына, пропанды дегидрлеу және пропиленді полимерлеу технологиялық қондырғыларына, зауыттың негізгі қондырғыларын, қосалқы электр стансасын аралап, жұмыстардың орындалу барысы туралы ақпарат алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз