Жарнама
Жаңалықтар

Астанада «Astana Media Week 2025» форумы басталды

Бүгін, Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі медиа форумы — «Astana Media Week 2025» өз жұмысын бастады. Биылғы форум «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбында өтіп жатыр.

img 4901
Screenshot

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның алғысөзі оқылды. Форумның алғашқы пленарлық сессиясында отандық және шетелдік медиа мамандар, халықаралық серіктестер мен мемлекеттік ұйымдар өкілдері медиа саласының өзекті мәселелерін талқылауда.

img 4898

Үш күнге жоспарланған форум аясында қатысушылар үшін медиаэтика, деректі фильмдер өндірісі, жасанды интеллект, имидж қалыптастыру, цифрлық коммуникациялар, дата-журналистика және журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру тақырыптарында панельдік пікірталастар, шеберлік сабақтар мен жабық питчинг-жобалар ұйымдастырылады.

Спикерлердің қатарында Euronews, Anadolu Agency, TRT Avaz Kanal, «Хабар», «Qazaqstan», Atameken Business, NUR.KZ және Өзбекстан, Түркия мен Еуропадан келген медиа сарапшылар бар.

img 4902 1

Форум бағдарламасында стриминг платформалар нарығына арналған арнайы сессиялар да өтеді. Оған TV+, Кинопоиск, Unico Play, Birge TV, Freedom Media өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, екі күн бойы медиаорталық холлында 50 метрлік LED-экранда «Astana Media Week 2025» Контент-маркеты өтеді. Мұнда жаңа форматтар мен халықаралық кооперациялар таныстырылып, продакшн-компаниялар, дистрибьюторлар мен платформалар арасында іскерлік кездесулер ұйымдастырылады. Қатысушыларға Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Қазақстан нарықтарына арналған бірлескен жобалар ұсыну мүмкіндігі беріледі.

Форум соңында ең белсенді қатысушыларға жетекші стриминг және медиамониторинг компанияларының жылдық жазылым сертификаттары мен Самарқан қаласына сапар жолдамалары табысталады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button