
«Астана-Орал» бағытында жаңа вагондар қатынай бастады
«Сары-Арқа компани» жекеменшік теміржол тасымалдаушысы вагон паркін жаңартуды жалғастырып, желіге жаңа үш плацкарт вагон шығарды. Тасымалдаушы бұған дейін ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы вагонды іске қосты, — деп хабарлайды республика Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа вагондар заманауи жабдықтармен ерекшеленеді. Олардың ішінде кондиционерлер, тоңазытқыштар, аинайы пештер, розеткалар мен гаджеттерді қуаттауға арналған USB-ұяшықтар орнатылған. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары мен 4G-модемдер қойылған, ал қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жолаушыларға QR арқылы пікір қалдыру жүйесі енгізілді.
Бүгінде компанияның 23 вагоны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, бұл «Астана – Орал» бағыты бойынша сапарларды қауіпсіз әрі жайлы етеді.



