1108

Асқар Мамин карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды

Жаңалықтар Саясат Қоғам

Atr.kz/11 тамыз, 2020 жыл. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапырды.

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр. Қалғандары қажетті ем алып жатыр», – деді Асқар Мамин

Үкімет отырысында. Премьер-Министрдің атап өтуінше, ауруханалардың жүктемесі 61 және жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендеген.

«Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптастып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын», – деді Үкімет басшысы.

Дереккөз: inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған