Қашағаннан 250 мың тонна күкірт экспортталды

20170217005804 Жаңалықтар

Каспий теңізіндегі Қашаған мұнай кен орнынан 1,5 миллион тонна күкірт өндірілді.

20170217005804

«2017 жылдың қазанында теміржол көлігі арқылы Қашаған күкіртін экспорттауды бастадық. Түйіршіктелген күкірт өндірісі қарқынмен өсті. Жыл соңында күкірт экспорты 100 мың тоннаны құрады. Өндіріс басталғалы бері бір жарым миллион тонна күкірт алынды. Қазіргі таңда 250 мың тонна күкірт экспортталды», – деді North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) консорциумының басқарушы директоры Бруно Жарден.

Б. Жарден түсіндіріп өткендей, құбыр желісі бойынша алынған сұйық түрдегі күкірт екі бағыт бойынша – күкірт блоктары мен күкірт түйіршіктеу зауыттарына беріледі.

«Дайын түйіршіктелген күкірт конвейер лентасына түседі және теміржол вагондарына тікелей артылады. Құрам Қарабатан станциясына дейін жеткізіліп, NCOC компаниясы ол жерден оны компания акционерлерінің біріне тапсырады. Олардың әрқайсысы Солтүстік Каспий жобасының күкірт және басқа да өнімдерін өткізуге жауап береді. Қазір өнімдердің басым бөлігі Қытай мен Жерорта теңізінің батысындағы елдерге экспортталады. Олар күкіртті ауылшаруашылық тыңайтқыштарын өндіретін шикізат ретінде қолдануда», – деп түсіндірді Б. Жарден.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Vlad

    1989 год. Литва, г. Ионава.Произошла химическая авария. Около 7 тысяч тонн жидкого аммиака разлилось по территории завода, образовав озеро ядовитой жидкости площадью около 10 тыс. кв.м. От возникшего пожара произошло возгорание склада с нитрофоской и ее термическое разложение с выделением ядовитых газов. Глубина распространения зараженного воздуха достигала 30 километров. Только благоприятные метеорологические условия не привели к поражению людей, так как облако зараженного воздуха прошло по незаселенным районам.