АРЫЗ-ШАҒЫМ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Бүгінде «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалына әртүрлі мазмұндағы арыз-шағымдармен келіп жатқан азаматтардың қарасы өте көп. Мұнда арқа сүйеп, сенім арта келгендерге қолдан келер барлық мүмкіндік қарастырылуда. Сейсенбі күні облыстық мәслихат депутаты Дүйсенбек Құлжанов жүргізген қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелер де заң талаптарына сай шешілетіні жайында айтылды. 
Қабылдауға келген екі баланың анасы Жазира Әліпқалиева, II-ші топ мүгедегі Бағытжамал Қағазғалиева, Құрманғазы ауданынан келген жалғызбасты ана Мейрамгүл Қарабалина өздерінің мұң-мұқтажын жеткізді.
Қабылдауда болғандарға мәслихат депутаты Дүйсенбек Орынғалиұлы айтылған арыз-шағымдар аяқсыз қалмайтынын, барлық мәселе заң аясында қаралып, тиісінше шешімі болатынын айтты.

 

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз