Жарнама
Жаңалықтар

Арнайы салық режимінің қолдану тізімі жарияланды

Қазақстан Үкіметі арнайы салық режимін қолдануға болатын кәсіп түрлерінің жаңа тізімін бекітті. Құжаттың мақсаты – шағын бизнесті қолдау және салық жүйесінде әділдікті қамтамасыз ету.

Жалпы 1111 кәсіп түрінің ішінен 795-іне арнайы салық режимін қолдануға тыйым салынды. Олардың қатарында өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, телекоммуникация, көтерме сауда, қаржы және жер қойнауын пайдалану салалары бар.

Ал 300-ге жуық қызмет түрі жеңілдетілген режимді пайдалана алады. Бұл — бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, тұрғын үйді жалға беру, тұрмыстық қызмет көрсету және жеке қызмет салалары.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін де бөлек тізім жасалды. Айына 300 АЕК-ке дейін табыс табатындар такси, жөндеу, сұлулық салондары сияқты бағыттарда АСР қолдана алады.

Жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін қолданыстағы бірнеше режимнің орнына тек үш салық режимі қалады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button