dgstzwrlbglzlnj13

Армяндық автокөліктер бойынша алда тұрған Атыраудың жүргізушілері неге наразы?

Жаңалықтар Саясат Қоғам

Atr.kz/25 тамыз, 2020 жыл. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін заңнамада белгіленген тәртіппен Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу тапсырылған болатын.

📍📍📍Атырау облысы республиканың басқа өңірлері арасында армяндық автокөліктер иелері саны бойынша көшбасшы өңірлердің бірі екендігі мәлім.

❗️❗️❗️Осы тұста, тіркеу процедураларының ағымдағы жылдың 01 қыркүйегіне дейін жүргізілетінін ескере отырып, Армениядан әкелінген автокөліктерді уақытылы тіркеуді жүзеге асырмаған азаматтарға қатысты өз алаңдаушылығымды білдіремін.

✅✅✅Бұл бағытта, өңірімізде уәкілетті органдар тарапынан көлік иелері арасында ақпараттық насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.

✅✅✅Сонымен қатар, Қазіргі уақытта Атырау облысының Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында  15 оператор Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу үшін күніне орта есеппен 150 өтінімді қабылдап отыр

🕔🕓🕒(жұмыс режимі: дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 09.00- 20.00-ге дейін, үзіліссіз).

​✅✅✅Сонымен қатар, қызметтерді ұсынудың қолжетімділігін арттыру үшін қосымша шара ретінде жексенбі күні сағат 09.00-15.00 аралығында армияндық автокөліктерді тіркеуге өтінімдер қабылдануда.

​✅✅✅Бұл ретте, уәкілетті органның ұсынған мәліметіне сәйкес, Атырау облысында ағымдағы жылдың 01 маусымы мен күні бүгінге дейінгі аралықта 3000 астам армияндық көлік мемлекеттік тіркеуден өткізілген.

​✅✅✅Осыған қарамастан, өңірімізде осы күнге дейін армияндық автокөлігін түрлі себептерге байланысты тіркеуді кейінге қалдырып жүрген азаматтар қатары да аз емес.

✅✅✅Осыған байланысты, осы азаматтарды көліктерін Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, уақытылы тіркеуден өткізуге шақырамын.

🏢Аталған орталықтың мекен-жайы: Атырау қ., Солтүстік Өндірістік аймақ, 69.

Салауат Мүксімов,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған