Атырауда әр адам өз бетінше дезинфекция жұмыстарын жүргізе алатыны айтылды

89844175 911595995941734 368023296484048896 o Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг коронавирус инфекциясына қарсы жүргізіліп жатқан дезинфекциялау жайына арналды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтің айтуынша, залалсыздандыру шаралары кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, дезинфекциялау жұмыстары күнделікті қалаішілік жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерде, теміржол аокзалы мен әуежайда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, басқа да қоғамдық орындар мен адамдар көп шоғырланатын алаңдар мен нысандарда атқарылуда.

Облыстық дезинфекция мекемесінің басшысы Бауыржан Қощановтың мәлімдеуінше, қалада бұл іспен айналысатын 18 ұйым бар. Бұларға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін учаскелері мен нысандары бөлініп берілген. Басты назар автобустарға,теміржол вокзалы мен әуежайға, аялдамаларға, қоғамдық тамақтандыру орындары мен базарларға, сауда орталықтарына аударылуда. Бұл мақсатта қолданылатын препарат та, қаражат та жеткілікті.

Ал, жекелеген үйлерде немесе тұрмыстық жағдайда арнаулы құрылымдардың көмегіне жүгініп, мамандарды күтпей-ақ, әркімнің өз бетінше санитарлық тазалық пен залалсыздандыру әрекеттерін жасауына болады.Оған қажетті жуғыш, тазалағышқұралдар супермаркеттер мен дүкендерде, базарларда сатылады. Жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, сақтық шараларына баса мән берген жөн. Тапсырмаларды орындауға жауапсыздық танытып, қойылған талаптарға салғырт қараған заңды және жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Дәулетқали АРУЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-karantinde-zhat%d2%9ban-22-zhasar-zhigit-ekinshi-%d2%9babatta%d2%93y-terezeden-sekirip-%d2%9bashyp-ketken/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз