Ақтоғай ауылында сүт өнімдерін өндіретін шағын цех ашылды

366995174 772684904865069 1315878519969531458 n Жаңалықтар

Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шағын ауылдағы шағын цех 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске қосылып отыр.

– Ақтоғай ауылының халқының басым бөлігі ата кәсіптен қол үзбей, мал шаруашылығымен айналысып келеді. Ауылдасымыздың бірі Бекен Темірғалиев «Темиргалиев Б”» жеке кәсіпкерлігі «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 4 млн. теңге мемлекеттік грант жеңіп алған болатын. Осы қаржыны толықтай «Ақтоғай сүт өнімдері» жобасына салып, бүгінде шағын цех ашып, Махамбет ауданын сүт өнімдерімен қамтып отыр,- деді Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Есім Мұратов.

Ал кәсіпкердің өзінің айтуынша, шағын цех сүт, қаймақ, май, сүзбе секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жататын сүт өнімдерін өндіреді. Мемлекеттен алынған қайтарымсыз грантқа заманауи құрылғылар алып, мал басын көбейтіп, жұмысын дөңгелетіп отыр. Сүт өнімдері әзірге жергілікті дүкен сөрелерін толтыруда. Бұған қоса апта сайын аудан орталығында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шығарылады. Кәсіпкер болашақта кәсібін кеңейтіп, облыс көлемін де қамтуға жұмыстанбақшы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз