
Ақтөбе-Лаэти қалашығы жаңа құпиясын ашты
Ақтөбе-Лаэти қалашығындағы археологиялық зерттеу жұмыстары барысында қазбаның солтүстігінен, күйдірілген пештің жанынан бір-біріне жабысқан күйінде күміс монеталар жиынтығы табылды. Ерекшелігі, аталған монеталардың бір жағында Алтын Орда хандарының таңбалары, екінші жағында қытай иероглифтері бейнеленген.

Бұл – биыл жергілікті археологтар жүргізген зертттеулер нәтижесінде табылған экспонаттың бірі ғана. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттардың көпшілік бөлігі – керамикалық қыш ыдыстар.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау универсиететінің аға оқытушысы, археолог Амангелді Зайыновтың айтуынша, зерттеу жұмыстары 53 гектарды құрайтын аймақтың әзірге 500 шақырымына ғана жүргізілген.
Айта кетелік, VIII ғасырлық тарихы бар бұл археологиялық ескерткіш Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізіміне енген. Облыс әкімдігі тарихи орынды ашық аспан астындағы музейге айналдыру туралы шешім қабылдап, тиісті жұмыстары басталған болатын.
Мәлике МӘЛІК


