Ақша бопсалаған: Атырау базарларында жергілікті спортшылар рэкетирлікпен айналысқан

photo 79950 Жаңалықтар

Атырауда облыс орталығының базарларында рэкетирлікпен айналысқан жергілікті спортшылардың соты аяқталып қалды.

Оларды былтыр маусымда Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлері қолға түсірген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  azh.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тергеу барысында бес адамнан құрылған топ атыс қаруын пайдаланып, Оңтүстік Қазақстаннан келген «Дина» және «Көктем» базарларындағы сатушылардан өлтіремін немесе тауарды өртеп жіберемін деп қорқытып, ақша бопсалағаны анықталды.

Бұған дейін ҚР ҰҚК мәліметіне сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары «ұрылардың» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың сыбайластарымен байланыста болған. 

Олардан үш атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. ҰҚТ-ның үш қатысушысы тергеу изоляторларына қамалды, ал екеуі қорғану құқығы бар куәгер ретінде жауапталды.

Қазір қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Сотталушылар орындығында ҚР ҚК-нің 194-бабы («Қорқытып алу») және 262-бабы («Ұйымдасқан қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету») бойынша айыпталып отырған 33 жастағы «жекпе-жек» чемпионы У.А. және 31 жастағы Б.А., сондай-ақ олардың 31 жастағы сыбайласы (сол баптарға қоса 287-бап («Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру»).

Сотта 5 жәбірленуші мен 15 куәгер жауап берді – олардың көбі сатушы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз