img 5454 scaled

Ақпарат саласында – жаңа технологиялар

Газет және оқырман Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Қазір облыстық басылымдарда сараптамалық, проблемалық мақалалар жиі жариялана бастады.

Жаңа жобалар жүзеге асуда. Газеттердің сайттарына ерекше маңыз беріліп отыр. Осындай ілкімді істерді, ізденістерді тілге тиек еткен «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Егембердиев оқырмандармен Құрманғазы ауданында өткен кездесуде ақпаратты 8 түрлі сапамен бағалап беру маңызды екенін атап көрсетті. Оқырмандарды көптеп тарту мақсатында баламадан өзге, басылымды онлайн жаздыру жолға қойылатынын баяндады.

Мерзімді баспасөзге жазылу, ақпарат саласында  заманауи технологияларды қолдану, қазіргі БАҚ-тың негізгі бағыттары, міндеттері жөнінде айтылған алқалы жиында Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев көпшілікті аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Аудандық басылымның 90 жылдық торқалы тойы өткеніне тоқталып, «Серпердің» өңірдің қоғамдық  өміріндегі маңызына жоғары баға берді. Сонымен қатар, шалғай жатқан Азғыр өңірімен байланысты жолға қою үшін бюджет қаржысы есебінен «Қазпошта» АҚ аудандық филиалына екі автокөлік алып берілгенін жария етті.

Басқосуда облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің Бас редакторлары  Назарбек Қосшиев пен Нәсіп Шалабаева қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Газеттің тыныс-тіршілігі, көтеріп отырған мәселелері туралы тартымды әңгімеледі. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров облыстық орыс тілді басылымда да ауданның жаңалықтары жиі көрініс тапса деген пікірін айтты. Кездесуге қатысушылар  облыстық газеттердің аудан көлемінде штаттан тыс тілшілері болса деген ұсыныстарын жеткізді.

«Atr.kz»

img 5446
img 5457
img 5456

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған