
Ақорда соңғы кадрлық ауыс-түйістерге қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, елдегі соңғы кадрлық ауыс-түйістер қалыпты кадрлық ротация болып табылады, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның сөзінше, бұл өзгерістердің мақсаты – мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттарындағы жұмыстың тиімділігін арттыру.
«Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі.Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді. Президенттің көмекшісі ретінде ол халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады.»
Руслан Желдібай
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.


