Аманат – Азия чемпионы! (+ФОТО)

74163968 2568084703411905 2101552846829780992 n Жаңалықтар

Atr.kz/20 қараша, 2019 жыл. Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласындағы  «Buyant Ukhaa» спорт сарайында    бокстан 2001 – 2002 жылы туған жастар арасында Азия чемпионаты өтіп,  сары құрлықтағы додада 16 елдің  былғары қолғап шеберлері бас қосты.

Шаршы алаңдағы бәсекелер алты күнге созылып, жас боксшылыр он салмақ бойынша өзара мықтыны анықтасты. Жарысқа толық құрамман барған Қазақстан ұлттық құрамасының жігіттері бұл сында 6 алтын, 1 күміс және 2 қола иемденіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Қашанда отандастарымыздың негізгі басты бәсекелесі болып табылатын өзбектерге  бұл жолы екі-ақ алтын бұйырып, олар екінші сатыдан көрінді.

Байрағымызды биікте желбіреткен осы жігіттеріміздің бірі жерлесіміз Аманат Сабырғали болды. Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан алпауытымыз іріктеу кезеңдерінде Ирак және Үндістан мемлекеттерінің боксшыларын тізе бүктірсе, ақтық сында оңтүстіккореялық  қарсыласын жерге қаратты. Осылайша, Азия чемпионы атанды.

Әлемдік деңгейдегі алғашқы сайысында-ақ жасындай жарқылдаған Аманат осыған дейін  үш жыл қатарынан ел біріншілігінің үздігі болды. Мерейімізді өсірген спортшыны тума-туыстар және спортшылар Атырау әуежайында салтанатты жағдайда күтіп алды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

76175678 2569288416624867 1226453303219453952 o
75610790 2569288346624874 1864733654412951552 o
75233926 2569288299958212 3674288996390797312 o

***

Айта кетейік, KMG Burgylau ұжымы биыл бокстан Азия чемпионы болған Сабырғали Аманатпен кездеседі. KMG Burgylau ұжымы биыл жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында алтын медаль иеленген Сабырғали Аманатпен кездеседі.

Шарада мекеме қызметкерлері спортшымен сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алмақ. Кездесу аясында мекеме атынан спортшыға бір жолғы қаржылай демеушілік көрсету көзделіп отыр.

Өтетін жері: Атырау қаласы, Махамбет Өтемісов көшесі, 116е, 4-қабат, конференц-зал.

Өтетін уақыты: 21 қараша, 2019 жыл, 15:00.

img 20191120 wa0026
75419121 2569288196624889 2851861256661368832 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз