АЛТЫН ЖҮРЕКТЕРДІ ІЗДЕУДЕМІЗ!

Ұлттық Қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығы мейірімділіктің алып күшіне деген сенімділікпен және отандастарымыздың филантропияға деген қарым-қатынасы мен әлемді өзгертуге деген құштарлықпен жасалған. Сыйлық коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғаларға олардың қайырымды істері үшін тағайындалады.

Осы жылдың 1 тамызында қазіргі таңда дәстүрге айналып үлгерген қайырымдылық саласындағы Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығына өтініштер қабылданады.
Міне, осымен жетінші жыл өткізілмек сыйлықтың мақсаты – Қазақстандағы қайырымдылықтың дамуын ынталандыру, қоғам санасында заманауи қазақстандық меценаттың, қайырымгердің образын қалыптастыру ғана емес, түрлі объективті себептердің салдарынан қаржылық жетіспеушілікті көріп отырған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени бағдарламаларға меценаттар мен қайырымгерлердің назарын аудару.

Көп жағдайда азаматтарымыз қайырымдылықты оң қолыңмен жасағанды сол қолың білмесін дегенге келтіріп, үнсіз ғана жасап жатады. Осындай ескілік ұғымға сенуді жалғастыра берсек, қайырымдылық – таңдаулылардың еншісі деген түсінік қалыптасып, бұл сезім сақтала бермек. Бұрыннан қалыптасқан сұрақтарға көзқарасымыз құбылып, құндылықтар өзгерді. 
Бас ұйымдастырушы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының Президенті Жұлдыз Омарбекованың сөзінше, өзгеріске ұшырамайтын басты қағидат – бұл адамның мейірімділігі. Өмірдің мың құбылған жайттарына қарамастан, мұқтаждарға көмек қолын созуға даяр алтын жүректі азаматтар табылып жатады. Осындай өр тұлғалы азаматтардың арқасында біз күнделікті өмірімізді жалғастырып, мұқтаждарға үміт сәулесін сыйлаймыз. Ал «Атымтай Жомарттың» атағы дүниенің бар байлығынан артық! Ең беделді азаматтар салтанатты марапаттау кешінде «Алтын Жүректің» алтын мүсіншесіне ие болмақ.
Өмірде қайырымдылық пен мейірімділікке орын бар. Егер Сіз жетімдерге, жетімдер үйі мен интернаттарына, білім, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау саласына қайтарымсыз көмек көрсетіп жүрген азаматтарды танып-білсеңіз, бізге хабарлаңыз, ал біз барлық елге атағын жариялаймыз! Бұл үшін www.altynzhurek.kz сайтында «Ұсыну» батырмасында сіздің ойыңызша, «алтын жүректі адам» атағына лайық азаматтың байланыс телефондарын қалдыру жеткілікті.
Ұйымдастырушылар сыйлықтың әрбір номинациясы өзінің қатысушыларын тауып, азаматтарды қайырымдылықпен айналысуға деген құштарлығын оятатындығына кәміл сенеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз