Әлеуметтік саясаттың жаңа қыры

EAC5993 Жаңалықтар

Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. «Нұр Отан» партиясының кезекті съезіне қатысып жатқан атыраулық делегация мүшесі Баянсұлу Тыныбаева көтерілген мәселелер ең алдымен елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға ықпал ететінін айтты.

        «Еліміздегі ең белсенді партия – «Нұр Отанның» кезекті XVIII съезіне делегат болып келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев съезд барысында мемлекет саясатының жаңа әлеуметтік қырларын атап айтып берді.  

EAC5993

Соның ішінде әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайы төмен көп балалы отбасыларына берілетін жәрдемақы мөлшерінің өсетіні, баспанасыз жүргендердің жалдамалы пәтерлермен қамтамасыз етілу мүмкіндігі көпшіліктен үлкен қолдау табады деп сенемін. Бұл – дер кезінде көрсетілетін көмек.

        Өзіміз екі күннің бірінде куә болып жүргеніміздей, жұмысқа жаңа қабылданған жас кадрдың басында баспанасы болмаса, әркімнің сарайын жалдап жүретін болса, одан қандай еңбек өнімділігін талап етеміз?! Сол себепті, Елбасымыз ең алдымен, көп балалы отбасыларының тұрмысын түзеуге зор көңіл бөлуді міндеттеді. Қуанышты жағдай сол, олар енді бар болғаны екі-үш пайыз жеңілдікпен үйлі бола алады. Бұл, бір жағынан, әлеуметтік қолдау болса, екінші жағынан, елімізде бала санының өсуіне барынша ықпал етеді деп ойлаймын» дейді Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің хатшысы, «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрайымы Баянсұлу Тыныбаева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз