«ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР»

Осындай тақырыппен Тұңғыш Президент кітапханасы ұйымдастырған семинар-тренингке Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері де қатысты.

 

Семинар  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына, Елбасының жаһандық бастамалары мен тұжырымдамалық идеяларын зерттеуге бағытталған семинарды белгілі ғалымдар мен кітапхана қызметкерлері  жүргізді.

Сонымен қатар, семинар-тренинг бағдарламасына сай студенттер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне, «Астана Опера» театрына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне барып, ел дамуына қатысты көптеген құнды ақпараттар алды.

Барлық қатысушыларға «Елбасының бес институционалдық реформасы» арнайы оқу курсынан өткені туралы сертификаттар берілді.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз