0 21

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 37 миллионға жуықтады

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Қазір елімізде коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатыр.

Әзірге оның нақты қашан болатыны белгісіз. Дегенмен, ғалымдар болжам жасап отыр. Қарапайым өмірлік тәжірибеге сүйенсек, күз айларында вирустың өршитін әдеті. Сондықтан сақтанудың барлық жолы қолға алынуы керек.

Әлем ахуалы

Əлемде статистикалық дəйек бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 37 миллионға жуықтады. Қауіпті індеттен 1 млн. 69 мыңнан астам адам көз жұмды. Күнде көріп отырғанымыздай, жержаһанда індет қайта өрши бастады. Күн сайын ауруға шалдыққандар саны көбейіп, өлім-жітім деректері де азаймай тұр. Қайта күш алған індетке байланысты əлем елдері қауіпсіздік қамына кірісіп, инфекцияның таралуын тоқтату үшін нақты шаралар қабылдап жатыр.

Мəселен, Францияда эпидемиологиялық қауіп аймағы кеңейді. Қызыл деңгейлі аумаққа бірден 4 қала қосылды. Ал, Шотландия жерінде барлар мен мейрамханалар жабылатын болды. Аталған мекемелер кемінде екі аптаға қызметін тоқтатады екен. Осы уақыт аралығында тұрғындар үшін тамақты өзімен бірге алып кету қызметі ғана жұмыс істейді.

Румыния астанасы Бухарест қаласында да карантин режимі күшейді. Жергілікті билік қаладағы кафе-барлар, кинотеатр мен театрлардың жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды. Өйткені, инфекцияға шалдығу деректері көбейіп кеткен. Санға салсақ, жаңадан тіркелген науқастардың үштен бір бөлігі Бухарестен анықталады екен. Əлем дүрлігіп отырған пандемияның екінші толқынына Қазақстан дайын ба? Қандай шаралар қолға алынуда?

Екінші толқын қашан болады? Əлі де көп сауалдың көпшілік көкейінде жүргені анық.

Еліміздегі жағдай

А л , Қ а з а қ с т а н д а қ о ғ а м д ы қ денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының бірінші орынбасары, Колумбия университетінің Орталық Азия бойынша Ғаламдық денсаулықты зерттеу орталығында еңбек еткен э п и д е м и о л о г – ғ а л ы м

Бауыржан Сəбитұлының айтуынша, елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

Пандемияның бірінші толқынында коронавируспен емделіп шыққандарда осы инфекцияға қарсы антидене қалыптасқан. Ағзадағы иммунитет те аталған вируспен қалай күресуге болатынын «біліп» қалды. Бірақ бұл коронавируспен ауырған адамдар қайта жұқтырмайды деген сөз емес. Тек екінші толқын бастала қалса, ағзада жəне адамда жағдайға белгілі бір деңгейде дайындық пен тəжірибенің болатыны анық.

Ал алдағы кезең туралы ғалым Б.Сəбитұлы: «Меніңше, п а н д е м и я н ы ң  е к і н ш і  т о л қ ы н ы қарашаның соңы мен желтоқсанның басында болады. Бұл толқынның қаншалықты ұзаққа созылуы дəл қазіргі дайындығымызға байланысты. Сондықтан, босаңсуға болмайды» дейді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан елімізде 3 022 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 72 бала бар. Стационарларда 2 030 науқас, 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің хабарлауынша, жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал, Атырауда…

Бүгінгі күні өңірде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақты. Соған қарамастан, облыстық денсаулық сақтау басқармасында коронавирус инфекциясының «екінші толқынына» дайындық жоспары əзірленіп, арнайы штаб құрылды. Облыстық денс аулық с ақт ау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Асхан Байдуəлиевтің бізге берген мəліметі бойынша, өңірде коронавирус инфекциясын емдеу үшін 520 инфекциялық кереует ашылған.

 – Коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық аясында облыста 2080 инфекциялық кереует дайындалуда. Реанимациялық кереует санын 120-ға дейін ашу мүмкіндігі бар. Инфекциялық стационарлар жаңа модульдік, облыстағы ірі жəне барлық аудандық ауруханаларда, сондай-ақ, Теңіз кен орнында ашылатын болады. Облыста 8 ПТР зертханасы жұмыс жасайды, тестілеудің тəуліктік қуаттылығы күніне – 3636 адамды қамтуға жетеді,- деді А.Байдуəлиев.

– Облыстың медициналық ұйымдары халыққа көмек көрсету үшін 224 өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз етілді. Қосымша тағы 14 аппарат жеткізіледі.

Бүгінде облыста орталықтандырылған оттегі станциясы облыстық перинаталдық орталықта бар, оған қоса 7 медициналық мекемде оттегі станциясы орнатылып жатыр. Қажетті дəрі-дəрмектің, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы препараттардың қоры облыстың медициналық мекемелерінде жеткілікті. Екі айға жететін қор жасақталған.

Дəріханалар желісіндегі дəрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін «Атырау» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы арқылы тұрақтандыру қорына 684,5 млн. теңгенің аса қажетті 40 түрлі дəрілік заттары сатып алынды. 620,1 млн. теңгенің дəрілік заттары тұрақтандыру қорының қоймасында сақтаулы, қалған 64,4 млн. теңгенің дəрілік заттары облыстың 164 дəріханасына жеткізілген. Сонымен қатар, демеушілік көмек арқылы облысқа 9 түрлі дəрі-дəрмек жеткізілді. Оның құны – 251,2 млн. теңге.

Қалай десекте, әлемді дүрліктірген коронавирус індетінен ешкім қорғалмаған. Инфекцияны жұқтырмаудың бір ғана жолы – әр адам зінің денсаулығына салғырт қарамауы тиіс.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған