vpavpavpv

ӘЛЕМ: Локдаун жарияланды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

ФРАНЦИЯ. Ел президенті халыққа жолдаған телеүндеуінде елде қайтадан жалпыұлттық локдаун жарияланатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұған дейін қатаң шара экономиканы құрдымға кетіреді деген еді. Бірақ, коронавирус жоғары қарқынмен тарап бара жатқанын айт-ты. Жағдай расымен күрделі. Егер қыркүйекте бір күндегі өсім 10 мың шамасында болса, кейінгі тәулікте 33 мыңнан асып кетті. Сондықтан, бір айға жалпыұлттық локдаун енгізіледі. Президент оның көктемгі карантиннен өзгешелеу болатынын айтып отыр.

Жағдай мәз емес

ГЕРМАНИЯДА да эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Соңғы 10 күнде жан сақтау бөліміндегі науқастар саны екі есе артқан. Билік бұған дейін санитарлық талаптарды күшейтіп, түрлі ережелер енгізіп, жаңа локдаун болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Алайда, мұның тиімділігі аз болғанға ұқсайды. Сол себепті Германияда бір айға локдаун жарияланады.

Бүкіл ел бойынша кинотеатрлар, қызмет көрсету саласының кәсіпорындары, фитнес орталықтар мен бассейндер жабылады. Мейрамханалар мен барларда тамақты өзімен бірге алып кету қызметі ғана жұмыс істейді. 10 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ. Билік сауық кештері мен мерекелік отырыстан да бас тартқан жөн дейді. Дегенмен далада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі.

Шектеу шаралары күшейтілді

ИСПАНИЯДА қатаң локдаун енгізілмесе де, карантин күшейтіліп жатыр. Елдегі індет жұқтыру деректері бір миллионнан асады. Бұған дейін Испанияның 5 өңірі өз шекарасын жапқан еді. Енді оларға тағы 4 аймақ қосылды. Жергілікті тұрғындар тек дәлелді себеппен ғана өңірлер арасында қатынай алады.

Мәселен, медициналық мекемеге, не көмекке мұқтаж туысына бару үшін, жұмыс пен оқуға қатысты мәселелер бо-йынша ғана жүре алады. Жаңа шектеу шарасы 14 күнге созылады. Испания жедел медициналық көмек қызметінің басшысы Фернандо Симонның айтуынша, алдағы күндері вирус осындай қарқынмен та-райтын болса, қарашаның ортасына таман жан сақтау бөлімдерінде орындар жетіспеуі әбден мүмкін.

– Қазіргі ахуал өте күрделі. 3-4 апта бойы жағдай сәл тұрақталып қалған еді. Алайда, соңғы 2-3 аптада вирус қайта өрши түсті. Мұндай жағдай бізде ғана емес, Еуропаның өзге елдерінде де байқалып отыр, – деді ол.

Қатаң карантин

ҰЛЫБРИТАНИЯДА кейінгі тәулікте 25 мыңға жуық жаңа індет жұқтыру дерегі расталды. Осылайша аурулар саны бір миллиондық межеге таяп қалды. Соңғы айларда Британияда науқастар саны, ал соңғы апталарда кісі өлімі артып барады. 12 қазанда премьер-ми-нистр 3 деңгейлі жергілікті локдаун жүйесін жариялаған. Қатаң ка-рантин Ливерпульде, Манчестер, Уоррингтонде, Ланкашир және Саут-Йоркшир Ноттингем графтығында енгізілген. Аталған өңір тұрғындары мүмкіндігінше үйден жұмыс істеп, кездесулерді шектеуі тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған