Алға ұмтылудың алғышарты

Патриоттық  сезім  еңбексүйгіштіктен көрінеді!

Өз алдымызға егемен ел атанып, нарықтық экономика талаптарымен өмір сүріп жатқанымызға да ширек ғасыр болды. Алайда, жұрт санасында өз күнін өзі көруге бейімделу орнына, мемлекетке міндетсу, өз бойкүйездігіне өзгені кінәлау пиғылы әлі де бар екенін жасыруға болмайды. Міне, осы тұрғыдан алғанда, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласының мәні ерекше.

Шыны керек, талқы-ойға жетелейтін, сана сарабында салиқалы безбенделетін, сөйтіп барып жас ұрпақ зердесіне шегенделетін осындай өрелі бастама көптен қажет болып жүр еді. Соңғы уақытта осы ЕҢБЕК деген ұғымның шынайы сипаты айқындала түскендей, көптің аузындағы жанды әңгіменің арқауына да айналғандай.

Ашығын айтқанда, бұл мақаласында Президент масылдық психология, аз жұмыс істеп, көп пайда табу hәм ауадан ақша жасауға қатысты өткір ойларын ортаға салды. Жалпы, бұған әділдікке негізделген шынайы еңбек қана қарсы тұратынын ескерсек, қоғам мүшелерінің еңбек сіңіруінен бастап, марапатқа жетуіне дейінгі жолы ел алдында өтуі тиіс. Әділ де, адал  еңбек – адам бойындағы толайым рухтың көрсеткіші. Дәл сондай рух қана ерік-жігерді тәрбиелеп, күш-қайратты жанып, отаншылдық сезімін қалыптастырады. Біз бұған мысалды алыстан іздеп жатпаймыз. Ары алдында адал, ізгілігі ұлы мұраттарға негізделген замандастарымыз да жанымызда бар, бірақ олардан үлгі-өнеге алу тұрмақ, «ақжүрек» деп күстаналаймыз.

Исатай  БАЛМАҒАМБЕТОВ.

Толығырақ газеттен оқи аласыз. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз