Абайды жатқа оқыды

Атырау облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы этнос жастары өкілдері арасында «Абай оқулары» облыстық байқауын өткізді. Жарыстың мақсаты –қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын зерделеу арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

Сайыс қазақ тілінде жүрді және екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – облыстық тур, оның әр аудандағы, қаладағы этнос өкілдерінің Абай мұраларын игеруіне мүмкіндік берері кәміл. Екінші кезең – республикалық деңгейге шығу, Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында ағымдағы жылғы қыркүйек-қазан айларында өтпек.

 

(Толық нұсқасын газетімізден оқи аласыздар).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз