ЖаңалықтарҚоғам

«Ақылды қала»: 774 дана камера орнатылады

Atr. kz / 13 – ақпан.    «Ақылды қала» бағытында Атырау аумағында барлығы 759 бейнебақылау камералары қызмет жасайды.

atyrau

«Енді, көлік және логистика саласын цифрландыру мақсатында Атырау қаласының аумағында 51 көше қиылысына және 153 тіке жолдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде суретке түсіру және бейне жазбаға жазу ақпараттық кешенімен қосымша 774 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр. Бүгінде конкурстық процедуралар өтіп жатыр» деп мәлімдеді Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы тұрғындар алдында есеп беру жиыны кезінде.

Еске сала кетелік, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, жұртшылықпен ашық байланыс орнату мақсатында Атырауда арнайы мобильді қосымшалар жұмыс істеп жатыр. Бүгінде атыраулықтар «Телеграмм» қосымшасының «Атырау облыстық әкімдігі» чат-арнасы, «Атырау Цифрлы Қабылдау» қосымшаларына өз сауалдарын жолдай алады.

Айбөпе САБЫРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button