«А» корпусының кадр резервіне екі үміткер ұсынылды

ФОТО А КОРПУС Жаңалықтар

Өңірлік кадрлық комиссиясының «А» корпусының кадр резервіне екі үміткер бақ сынады. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

ФОТО - А КОРПУС

«Биыл қыркүйек айында «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру жарияланған еді. Біздің аймақтан 2 және 4 санаттарына 28 үміткер құжат тапсырған. Оның ішінде жиырма шақты маман тестілеуге жіберіліп, қорытындысында екеуі шекті мәннен жоғары бағаға ие болды»,-деген Нұрлан Асқарұлы, енді олар ережеге сәйкес әңгімелесуден өтетінін айтты.

Нұсқаулыққа сәйкес, әр үміткерге әңгімелесуге 30 минут уақыт беріледі. Билеттің сұрақтары екі тілде ұсынылады. Біріншіден, лауазымдық міндеттері, екіншіден, қоғамдық-саяси білім деңгейі және үшінші – жеке қасиеттеріне байланысты сауалдар қойылады. Тәртіп бойынша олар  билетті өздері таңдауы тиіс. Үміткерлер оған мысал келтіре отырып жауап беруі керек. Ал комиссия мүшелері әңгімелесу парағында оң және теріс деп бағалайды.

Бұл жолы өңірлік комиссия отырысында Қайрат Нұрлыбаев пен Ербол Серғазиевтың кандидатурасы ұсынылды.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз