Жаңалықтар

Қуат тапшылығын жояды

Атом электр станциясы – күнделікті өмірде қолданып жүрген электр қуатын алудың ең тиімді жолы. Қазіргі заманауи технологиялар энергияны көп қажет ететіндіктен бұл саланы зерттеу де маңызды мәселеге айналды. Жасыратыны жоқ, бүгінде қала шаруашылықтарындағы энергетика, көлік инфрақұрылымдарының әбден тозығы жеткен. Оларды жаңартып, жандандыру үшін басты қажеттілік – электр қуаты. Сол үшін елімізде энергия өндіретін әртүрлі станция керек.
Бұл туралы АЭС құрылысын салуды қолдау жөніндегі Атырау облыстық халықтық штаб өкілдерінің «Атырау-Жарық» АҚ ұжымымен кездесуінде айтылды.

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған басқосуға ақпараттық үгіт-насихат жүргізетін жұмысшы тобының мүшелері – техника ғылымдарының докторы Бекет Кенжеғұлов, Атырау қалалық мәслихатының депутаттары Қаршыға Жауымбаев, Ақылбек Құлбарақов, Қазақстан халық партиясының өкілі Людмила Көбентаева қатысып, 6 қазанда өтетін республикалық референдумның маңызына тоқталды.
– Қазақстанда атом электр станциясын салу – елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз, бұл станциялар экологиялық жағдайды жақсартады. Электр энергиясындағы бағаны тұрақтандырып, технологиялық даму мен өнеркәсіптік өсу үшін де маңызды қадам болмақ. Егер Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізер болсақ, тасымалданатын жарықтан құтылып, экологияға зияны жоқ шын мәнінде жасыл елге айналамыз. Бұл жоба көп күш пен уақытты талап етететіні сөзсіз. Ауыл-аймақтағы тұрғындар да тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі, — деді Б.Кенжеғұлов.
Кездесуде энергетиктер «АЭС-тің қандай қауіптілігі болу мүмкін?» «Құрылысы жоспарланған ел мен аймақ үшін АЭС-тің пайдасы қандай?», «Атом электр станциясын салуға қанша уақыт кетеді?» деген сауалдарына орнықты жауап алды.
Бүгінде электр энергиясының тапшылығын, көмір генерациясына тәуелділікті төмендету, сондай-ақ өндіріс қуаттылығының тозғаны мен елдің атом энергетикасына деген потенциалын ескерген жөн. Бастаманың орындылығын атап көрсеткен энергетиктермен кездесудің негізгі түйіні де осы болды.

Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button