Қазақстандықтар қандай медициналық қызметті тегін алады?

crop crop 078c9c795954744a2f7eb00bc68 1466505368 1476937881 Жаңалықтар

2020 жылдан бастап қандай қызметтер кепілдендірілген тегін медициналық көмек құрамына енеді? Қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру аясында неге қол жеткізеді?

crop_crop-078c9c795954744a2f7eb00bc68-1466505368_1476937881

Медициналық сақтандыру қоры жариялаған видеороликте кепілдендірілген тегін медициналық көмек құрамына не енетіні және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтер пакетінен қандай айырмашылығы бары туралы айтылды. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қазақстандықтарға:

  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек,
  • скринингтер (қауіпті дертті ертерек анықтау мақсатындағы медициналық тексерулер),
  • жүкті әйелдерді қарау,
  • балалар патронажы,
  • созылмалы аурумен ауыратын науқастарды қарау (дерттердің 25 тобы),
  • әлеуметтік маңызы бар дертке (туберкулез, ВИЧ-жұқпасы, психикалық аурулар мен мінез-құлықтың бұзылуы, қатерлі ісік) шалдыққан науқастарды бақылауға алу,
  • шұғыл көрсеткіштер бойынша кез келген ауруды емдеу,
  • басқа адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы ауруларды емдеу ұсынылады.

Қалған қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне енеді. МӘМС жүйесі Қазақстанда 2020 жылдан бастап күшіне енеді.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз