Қазақстан Үкіметі мерекелік күндер тізбесін бекітті

IMG 5897 Жаңалықтар

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі Әділет министрлігі жанындағы Нормативтік-құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

IMG_5897

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ағымдағы жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес 46 мерекелік датадан тұратын тізбе бекітілді.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні – 10 қаңтар;
2. Алғыс айту күні – 1 наурыз;
3. Жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі;
4. Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі;
5. Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір;
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір;
7. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр;
8. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
9. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – мамырдың соңғы жексенбісі;
10. Қазақстан Республикасы рәміздері күні – 4 маусым;
11. Эколог күні – 5 маусым;
12. Полиция күні – 23 маусым;
13. Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым;
14. Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні – маусымның екінші жексенбісі;
15. Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі;
16. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні – 28 маусым;
17. Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде;
18. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні – 13 шілде;
19. Балық шаруашылығы қызметкерлері күні – шілденің екінші жексенбісі;
20. Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі;
21. Сауда қызметкерлері күні – шілденің төртінші жексенбісі;
22. Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
23. Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі;
24. Шекарашы күні – 18 тамыз;
25. Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі;
26. Шахтер күні – тамыздың соңғы жексенбісі;
27. Білім күні – 1 қыркүйек;
28. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі;
29. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
30. Қазақстан халқы тілдерінің күні – қыркүйектің үшінші жексенбісі;
31. Атом саласы қызметкерлерінің күні – 28 қыркүйек;
32. Әділет органдары қызметкерлерінің күні – 30 қыркүйек;
33. Машина құрастырушылар күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
34. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
35. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан;
36. Ұстаздар күні – қазанның бірінші жексенбісі;
37. Құтқарушы күні – 19 қазан;
38. Орман шаруашылығы қызметкері күні – қазанның үшінші жексенбісі;
39. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – қазанның соңғы жексенбісі;
40. Күзет ұйымдары қызметкерлері күні – 29 қазан;
41. Сыртқы барлау күні – 5 қараша;
42. Статистика күні – 8 қараша;
43. Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 15 қараша;
44. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қарашаның үшінші жексенбісі;
45. Прокуратура күні – 6 желтоқсан;
46. Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі.

P.S.: Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз