2023 жылы теміржолшылардың айлығы өседі

5dfd029701286955421728 Жаңалықтар

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қазақстан темір жолы» теміржолшыларының айлықты көтеру туралы талабына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚТЖ-мен қазір нақты жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені Қазақстан бойынша осы теміржолшылар арасында мәселе туындап отыр. Басшыларының келесі жылы жалақыны өсіретін ойы бар. Бірақ оның сомасы қазіргі тарифке байланысты. Бір жағынан тарифті өзгерту белгіленіп жатыр. Ол тарифті бекітсек, жалақының өсімі соған байланысты болады. Бірақ жалақы келесі жылы міндетті түрде өседі», – деді ол Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Журналист министрден теміржолшылардың бұл талабын қаншалықты орынды деп есептейтінін сұрады.

«Ол туралы айту қиын шығар енді. Біз Үкімет тарапынан қазақстандықтар неғұрлым көбірек жалақы алсын деп тілеп отырамыз. Бірақ әрқайсысы шамасына қарай жүк көтереді ғой. Сол себепті тариф төмен болса, табыс болмаса, ҚТЖ-ны да түсінуге болады. Ақша болмаса, оны қайдан алады? Сол себепті жаңа идеология ұсынылып отыр. Олар «бізге жаңа тариф беріңдерші, жаңа идеологиямен жұмыс істейікші, сосын жалақыны да көтереміз» деп отыр», – деді Қайырбек Өскенбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз