20 000 ТЕҢГЕ ҚОЛДАНЫСҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

ҚР Ұлттық Банкі Тұңғыш Президент күніне орай, бірінші желтоқсаннан бастап номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналысқа шығарды.

 

Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған. 20 000 теңгелік банкноттың мөлшері – 155х79 мм. Басым түсі –  көк-сұр. Бет жағында негізгі бейнелер «Қазақ Елi» монументі, пырақ және Мәңгілік ел салтанатты аркасы бейнеленген. Ал, банкноттың сырт жағында Қазақстан картасының пішіні және Ақорда, Парламент және Үкімет ғимараттарының көрінісі берілген.

Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз