Жарнама
Жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанда ірі киножоба бастамақ!

Алматы қаласында Salem Entertainment компаниясының кеңсесінде әлемдік кинематография аңызы – актер, режиссер, сценарист әрі продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті.

img 3503

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда жүзеге асырылатын ірі халықаралық жобаның түсіріліміне қатысты жоспарларымен бөлісті. Джеки Чан Алматыда болған уақытында командамен бірге бірқатар тарихи және табиғи нысандарды аралап, алдағы фильмге лайықты түсірілім алаңдарын таңдады. Жаңа картинаның негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады.

Salem Entertainment өкілдерінің айтуынша, бұл бірлескен жоба тек отандық киноиндустрия үшін ғана емес, жалпы мәдени ынтымақтастық үшін де маңызды қадам болмақ. Қазақстанның бай табиғаты мен ерекше мәдениеті әлемдік экранға жол тартып, халықаралық аудиторияға жаңа қырынан танылмақ.

Жобаның мазмұны әзірге құпия сақталып отыр. Дегенмен, Salem Entertainment көрермендерді алдағы уақытта ғаламат жаңалықтар күтетінін атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button