АТЫРАУДА ЖҰМБАҚ ТҰМАН ПАЙДА БОЛДЫ…

img 20210924 wa0091 Экология

9 тамызы күні Атырау қаласында шаң тәріздес тұман пайда болуына байланысты Атырау облысы бойынша экология департаментінің Зертханалық – талдамалы бақылау бөлімінің мамандары атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстарын жүргізу үстінде.

Сынама жұмыстары Пропарка, Химпоселек, Қаланың оң жақ бөлігінде кәріздік тазарту қондырғысынан ауа сынамасы алынды.

Ал, «АМӨЗ» ЖШС ресми мәлімдеме жасады. Айта кетейік, 9 тамызда Meta (Facebook) әлеуметтік желісінде келесі хабарлама пайда болды: «Үйге қоңырау шалып, барлық терезелерді жабыңыз, бүкіл отбасыңызға үйде болуға кеңес беріңіз. Дәл қазір Атырау МӨЗ-інде газ бұлты шығып жатыр, жел көтеріліп оны таратады екен деп үміттенейік! Егер сізде бас ауруы, көздің/терінің қышуы, тыныс алудың қиындауы сияқты белгілер болса, хабарлаңыз үйге немесе Clinique барыңыз. Жақын арада басшылықтан нұсқау аламыз».

«АМӨЗ» ЖШС зауыты штаттық режимде жұмыс істейтінін, ешқандай авариялық жағдайлар және атмосфераға шығарындылар тіркелмегенін хабарлайды. Сонымен қатар бүгінгі желдің бағыты – солтүстік-шығыс, яғни жел Атырау қаласынан соғады және бұл қаладағы ауа жағдайына әсер ете алмайды. Демек, ағымдағы жылдың 9 тамызында Атырау қаласында түтіннің пайда болуына АМӨЗ-дегі өндірістік процесс себеп бола алмайды.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз