Этномәдени бірлестіктер барша қазақстандықтарды жұдырықтай жұмылуға шақырады

1363599026 2.prevyu scaled Жаңалықтар

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Президенттің қазақстандықтарға арнаған кезекті мәлімдемесі өзінің мәнділігімен, маңыздылығымен баршамызға үлкен ой салды. Қандай ауыр салмақты да таразы басына салып, дұрыс безбендей білуіміз қажеттігін меңзеді.

Мемлекет басшысының « Бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті. Қашанда осылай ұлт болып ұйысып, жұдырықтай жұмыла білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмән жоқ. Елдің қамы үшін бастаған ісіміз қайырлы, баянды болатынына сенемін. Осылайша, кез келген қиындықты жеңеміз» деген сөздері бәрімізді де жаңа белестерге жігерлендірді. Жаңаша істерге жетеледі.

Осы орайда, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның құрамындағы этномәдени бірлестіктің өкілдері де елдің басына түскен қиындықты бөлісіп, мұқтаж жандарға жәрдемдесу, ерікті түрде қолдау жасап, көмек көрсету, қалыптасқан ахуалды оң бағалап, түсіністік танытуға шақыру бағытында жүргізіліп іс-шараларға етене араласып, үлесін қосып келеді. Оның үстіне, алдағы мереке күндері ардагерлерді ардақтап, лайықты құрмет көрсету, ешкімнің назардан тыс қалмауы үшін қолымызда келер жақсылықты аямау мақсатында ойластырып отырған іс-шараларымыз аз емес.

Осыларды ұтымды ұйымдастырып, ұйыса, ізгілікті істердің төңірегінен табыла білсек, еш нәрседен ұтылмайтыныз, ештеңеден кем қалмайтынымыз кәміл.

Людмила ПРИДАНОВА,

«Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз