elibrary

Электронды оқулықтар шығарылып, мұғалімдер қағазбастылықтан құтылады

Білім Жаңалықтар СарапTime

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің айтуынша, қазіргі уақытта барлық тексеру тоқтатылды.

МҰҒАЛІМДЕРДЕН ЕСЕП АЛЫНБАЙДЫ

«Қазіргі кезде мұғалімдерден, мектептерден жиналатын есептер көп болып кетті. Бұл есептерді тоқтату туралы бұйрық шығардық. Ешқандай мұғалімнен сынып журналы­нан басқа ешқандай есеп талап етілмеуі керек деген шешім қабылдадық. Қазіргі жағдайды өздеріңіз білесіздер, сондықтан б ү г і н г і к ү н і балаларымызға, ұстаздарымызға, әріптестерімізге сенуіміз керек. Кейбір жерлерде өткізіп жатқан с а б а қ т ы ң скриншо­тын т а ­л а п етеді, кейбір же р д е өткізген с а б а қ т ы видеоға түсіріп алуды талап етеді. Осындай келеңсіз жағдайларға көзіміз жетіп отыр. Мұндай нәрсеге жол бермейміз, сондықтан, ешқандай есептер қажет емес. Өңірлерде бақылау басқармалары бар, ол депар­таменттерге де осындай тап­сырма берді. Енді олар тексеріс жүргізбек түгілі, ұстаздардан есепті талап етпеу мәселесін қадағалап отыратын болады. Біз үйренген дәстүрлі оқу кестесі де болмайды. Бала тапсырманы өзіне ыңғайлы уақытта орын­дайды. Ең бастысы — бізге нәтиже керек. Ол нәтижені біз жинақтық бақылауда көріп отырамыз. Жалпы балаларымызға сеніп, қол-дауымыз керек» деді Асхат Аймағамбетов.

ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ ЖОЙЫЛАДЫ

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі балабақша, мектеп пен колледжде қағазбастылықтан арылатын күн келгенін мәлімдеді: «Пе­дагогтерден негізгі төрт құжат талап етіледі. Оның ішінде мұғалім тек екеуін ғана күнделікті жүргізіп отырады. Олар: дәстүрлі сабақ жо­спары мен сынып журна­лы. Қалған құжаттар, яғни күнтізбелік-тақырыптық жо­спарлау (КТЖ) мен жетекшілік бойынша құжат б а р . Де­м е к , құжаттар тізімі нақты бекітілді. Қазір орта білім дәрежесінде оны қатаң сақтау керек». Министрдің айтуынша, педагог­ты қосымша құжат толтыруға міндеттегендерге ірі көлемде айыппұл салу көзделген. «1 сәуірден бастап білім сапа­сын қадағалау департаменттері осындай құзыретке ие болды. Олар артық қағазбастылық пен мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тарту мәселесін қатты қадағалауы керек. Бұл мәселеге нүкте қоюымыз керек. Балабақша, мектеп, колледж болсын – қағазбастылықтан арылатын күн келді. Нақты бұйрық шықты. Дайын. Тиісті шара қолданатын мекемелер бар. Заңда және әкімшілік кодексте тиісті нормалар, санкциялар мен айыппұлдар қарастырылды. Сондықтан, бұл мәселені күнделікті өз бақылауымызда ұстайтын бо­ламыз. Қағазбастылық мүлде жойылады. Бұйрық тіркеуден өтті. Жергілікті департаменттер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы керек» деді елдің Бас мұғалімі.

ҰБТ-дағы АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram- дағы тікелей эфирде биыл мектеп түлектері үшін қандай артықшылықтар бар екенін айтты: «Биылғы мектеп түлектері үшін ҰБТ-ға дай­ындалу үшін жақсы жағдай жасалды. Біріншіден, олар­да үйде отырып дайындалу мүмкіндігі болды. Екіншіден, базадағы сұрақтар. Үшіншіден, қорытынды аттестациядан босатылғандықтан, назарын тест тапсыратын пәндерге ғана аударуға мүмкіндіктері бар». Ол ЖОО-ға түскен кезде аттестат бағасын негізге алу керек деп санайтындарға жауап берді: «Бұлай болуы мүмкін емес. Біз мұны мүлде қолдамаймыз, себебі, мемлекеттік грант конкурстық негізде. Бұл жерде грант алатын адамға объективті түрде қарау керек. Екіншіден, бір мектепте алған «5» деген баға мен екінші мектептегі «5» деген баға мүлде екі түрлі. Объективтілік болуы үшін ҰБТ өтуі керек. Биыл қаңтар айында 11 сынып оқушылары тест тап­сырып көрді. Қазіргі уақытта сайтта ҰБТ сұрақтары бойынша 70 нұсқа дайындадық. Оның бәрі – тегін. Мұның бәрі мектеп түлектеріне ҰБТ-ға жақсылап дайындалуға мүмкіндік береді».

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР ШЫҒАРЫЛМАҚ

Министрдің айтуынша, ғылыми жұмыстарды тіркеудің қазақстандық индексінде ғ а л ы м д а р д ы ң б а з а с ы , өтінімдердің тізімі, есептілік те енгізілмек. «Мәселен, белгілі бір ғалым осынша қаражат алды десек, ол ақшаны қалай пайдаланғанын, есептілік қалай болғанын тексеріп отыруға болады. Колледждерде де орта білімдегідей проблема­лар қордаланып тұр. Атап айтқанда, білім беру контенттері тұрғысында қиындықтар бар. Платформалар бар де­сек те, контент, электронды жаттығу алаңы, электронды оқулық та жоқ» деді ол. Асхат Аймағамбетов министрліктің қазіргі таңда мектептер бой­ынша электронды оқулықтарға баса маңыз беріп жатқанын жеткізді: «Көп адам былайғы кітапты электронды форматқа ауыстырды – бітті, мәселе шешілді деп ойлайтын болу керек. Кей жерде солай аудары­лып та жатыр. Бірақ, қашықтан оқытудың талабына сай келетін лайықты электронды оқулықты дайындап жатқан баспалар бар. Қазір атын атағым келмейді. Баспалардың алдына электрон­ды оқулықтарымыз болуы керек деген талап қойдық. Балаларға ол қолжетімді болуы тиіс».

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – МЕКТЕПТЕ

Білім саласын цифрландыру, қашықтан оқытуды жетілдіруге қатысты Президент міндеттеген тапсырмалар орындалады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты: «Күні кеше мемлекеттік комис­сия отырысы кезінде Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласына қатысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалар аясындағы жұмыстар басталды. Оқу жылы 25 мамырға дейін қашықтан оқу форматында болады. Білім бағдарламаларының мазмұнын өзгерту, цифрландыру мәселесі, қашықтан оқыту технологиясын жетілдіру және тағы да басқа берілген тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілетін бола­ды». Министр жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында бастала­тынына үміт білдірді: «Жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталады деп сенеміз. Жаз айларында да министрлік білім басқармаларымен қоса жұмыстар жүргізетін болады. Қандай жағдай болса да төтеп беретіндей барлық жұмыстарды жүргізуіміз қажет. Мектепті ба­лаларымыз да сағынды, ата-ана­лар да соны қалайды. Педагогтар да мектепте сабақ беруді асыға күтіп жүр. Біз, әрине, сондай жақсылыққа сеніп, дайын болу­ымыз керек. Келесі оқу жылын дәстүрлі түрде бастасақ деген жоспар бар. Дегенмен, осындай жағдай қайталанбайтын сияқты болмау керек. Веб-технология, цифрландыру, қашықтан оқу мәселесін қолға алып, тиісті деңгейге жеткізуіміз керек».

Гүлзада РАХМЕТҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған