Тараз маңында тағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді – видео

whatsapp image 2021 10 11 at 12.13.00 БЕЙНЕЖАЗБА

Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында осыған дейінгі өрт кезінде зақымданған қауіпті зат жарылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.  

Жарылыс 10 қазанда сағат 7.20 шамасында болған.

«Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері  жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты», – деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін. Бұдан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілмек.

Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Sputnik.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз