Балалар жылында «Жас тілшілер» үйірмесі ашылды (+ВИДЕО)

screenshot 20220414 175231 БЕЙНЕЖАЗБА

Атырауда N41​ мектеп-гимназиясы оқушыларды кәсіпке баулудың жаңа форматын іске қосты.

Аталған мектепте балалар үшін мотивациялық кештер ұйымдастырылып, түрлі кәсіпке баулитын курстар өтуде.

«Балалар жылына» орай, мектепте «Жас тілшілер» үйірмесі ашылды. Үйірме аясында радиоторап іске қосылды. Арнайы студия жасақталып, оқушылар мектепішілік бағдарламалар жүргізуде. Радиоторап алаңында қоғамға танымал тұлғалармен мотивациялық кездесулер ұйымдастырып отырмыз. Алаңның алғашқы қонағы Атырау қалалық мәслихатының депутаты Азамат Асылбеков болды. Келесі аптада қонаққа белгілі паралимпиадашы Ержан Сәлімгереев келеді» дейді Атырау қаласы N41​ мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Айымгүл Төлегенқызы.

Бұдан бөлек, мектеп жанында оқушылар үшін киім тігу, гитара үйірмелері ашылып отыр.​

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз