Атырауда құнды құжаттарды қоқысқа тастаған адам анықталды (+видео)

2021012010134228456 bezymyannyy БЕЙНЕЖАЗБА

Атырауда мемекеттік мекемеге тиесілі құжаттарды қоқысқа тастаған көліктің иесі анықталды. 28 жастағы жергілікті тұрғын, құрылыс компаниясында көлік жүргізеді. Ол құжаттарды құрылыс қалдықтарымен бірге Әділет департаментінің қоқыс жәшігінен алғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Astanatv.kz мәліметі бойынша, енді ол қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бабы бойынша, айыппұл төлеуге міндеттелді.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы:

– Аталған дерек бойынша іздестіру шараларының нәтижесінде 28 жастағы автокөлік иесі анықталып, ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабы бірінші бөлігіне байланысты хаттама толтырылды.

Айта кетсек, қала маңындағы аумаққа төгілген қоқыс қалдықтары арасынан төлқұжаттар мен бірнеше маңызды қағаздар табылған. Ішінен тіпті 2028 дейін жарамды жеке куәлік, халыққа қызмет көрсету орталығының жеке мөрі мен жұмыс жоспары да жүр. Алайда бір ғимаратта орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы да, әділет департаменті басшылары да бастарын ала қашқан болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз