Атыраулық Тәжік-ауған ұрыс іс-қимылдарының қатысушысы ұсыныс білдірді (+ВИДЕО)

photo 2020 04 03 17 34 40 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/4 сәуір, 2020 жыл. Мен тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс іс-қимылдарға қатысқан едім. Бүгінде «алғашқы әскери дайындық» пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысымын.

https://youtu.be/d6ULPhnER9o

Жуырда бұқаралық ақпарат құралдарынан ҚР Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен таныса отырып, жергілікті әскери органға төтенше жағдай режиміндегі іс-шараларды орындауға ерікті түрде келдім.

Мұндай қиын-қыстау шақта қол қусырып отыра алмадым. Өйткені, екі апта бойы қазақстандық әскери қызметшілердің дезинфекциялау жұмыстарына белсенді араласып жатқанын көріп, біліп отырмын. Өз елімнің нағыз патриоты ретінде барлық атыраулық әскери міндеттілерді осындай алмағайып кезеңде қол ұшын созуға шақырамын.

Қабир АХМЕТҚАЛИЕВ,

Тәжік-ауған ұрыс іс-қимылдарының қатысушысы

http://atr.kz/bez-rubriki/otandyқ-ғalymdar-koronavirusty-5-saғatta-anyқtajtyn-test-zhasap-shyғardy-video/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз