20-ға жуық велосипед ұрлаған атыраулық ұсталды (+ВИДЕО)

screenshot 20220811 205555 БЕЙНЕЖАЗБА

Атырауда 20-ға жуық велосипед ұрлаған күдікті ұсталды.

1993 ж.т., күдікті Атырау облысындағы бірнеше ауданнан үй алдарында, подьезд ішінде тұрған тұрғындардың 19 велосипедін қолды қылған. Оның қылмыстық әрекетін Атырау қалалық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері әшкерелеген.

Мәселен, 25 шілде күні сағат 23:30 шамасында 1993ж.т. азамат Нұрсая ықшам ауданында тұрған велосипедті жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 29 жастағы күдікті 3 тамыз күні Вокзал маңы ықшам ауданынан ұсталды.

Аталған дерек бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізуде.

Өзге ақпараттар қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз