Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Қайсарлықтың биік үлгісі

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы полковник Мақсұт Аязбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Өмір жолында ерлік пен қаһармандықтың, қайсарлық пен Отанға адал қызмет етудің биік үлгісін көрсеткен ардақты азаматтың есімі ел жадында мәңгі қалатыны сөзсіз. Осы атаулы датаға орай «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша филиалының ардагерлер кеңесі марқұмды еске алу мақсатында туған күніне орай мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы күштер ардагерлері арасында футзалдан (мини-футбол) турнир өткізуді жоспарлап отыр.

Отставкадағы полковник Мақсұт Аязбаев 1925 жылғы 27 желтоқсанда Гурьев облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. Гурьев педагогикалық техникумының екінші курсын тәмамдаған соң, 1943 жылдың ақпан айында кеңес армиясы қатарына шақырылады.

Ол 2-ші Беларусь майданы құрамындағы 1988 зениттік-артиллериялық полктің 3-батальонында аға қашықтық өлшеуші қызметін атқарған. Қолбасшылық тарапынан жаяу әскермен өзара іс-қимылды нақты ұйымдастыра білетін, батареяны шебер басқарған, батыл да ерік-жігері мықты, іскер жауынгер ретінде сипатталады. Қатардағы жауынгер М.Аязбаевтың жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында фашистік авиациямен болған шайқастарда ол қызмет еткен батарея жаудың үш ұшағын жояды.

Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 65 зениттік-артиллериялық дивизия командирінің бұйрығымен «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Сонымен қатар ол II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «1941–1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, сондай-ақ Польша Халық Республикасының «Ерлік пен бостандық үшін» медалімен наградталады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен М.Аязбаев «Айбын» орденімен марапатталған.

Қарулы Күштер қатарынан демобилизацияланғаннан кейін, 1953 жылдың сәуір айында Гурьев облысы бойынша Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының қаржы-шаруашылық тобына қызметке қабылданды. Қызмет барысында қаржылық-шаруашылық жұмыстары басқару құжаттарына толық сәйкес жүргізілді. Оны Қаз КСР МҚК қаржы бөлімінің тексерулері растайды. Жұмыстағы оң нәтижелері үшін бірнеше мәрте марапатталды.

   М.Аязбаев кәсіби білімін жетілдіруге әрдайым мән берген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін сырттай тәмамдады.

Отставкадағы полковник М.Аязбаев кеңес армиясы мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарында 42 жыл қызмет атқарды. Ол ұжым арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды. 1985 жылы зейнеткерлікке шықты. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін де ардагерлер кеңесімен және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіндегі әріптестерімен байланысын үзген жоқ. Мақсұт Аязбаев 2009 жылдың ақпан айында дүниеден өтті.

Полковник М.Аязбаев МҚМ–МҚК органдарында 32 жыл бойы мінсіз қызмет атқарып, елге адал қызмет етудің, қызметтік міндетке жауапкершілікпен қараудың, жоғары адамгершілік пен тазалықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Роман МАҚСОТОВ,

«Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ

Атырау облысы бойынша филиалының

төрағасы, отставкадағы полковник

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button