ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАП «АЙБЫНЫ АСҚАН АЛТЫН ОРДА» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

9fc83804 771b 4286 ae71 287a3ccc2834 Саясат

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арнап Махамбет атындағы академиялық драма театр «Айбыны асқан Алтын Орда» атты әдеби-театрландырылған композициялық қойылымды сахналады»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тарихи сахналық көріністі облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдің қоғам қайраткерлері, зиялылары және ардагарлерімен бірге тамашалады. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған аймақ басшысы аға буынның мемлекет қалыптастырудағы рөлін де айрықша атап өтті. Егемендік мерекесі өңір көлемінде маңызды іс-шараларға толы болғанына тоқталды.

57d8045c fecc 473f 8c80 c087bbce2b9b

«Ұлық той Атырау өңірінде тағылымды іс-шаралармен айшықталуда. Баршамыз бірге тамашалаған – тарихи-танымдық «Айбыны асқан Алтын Орда» қойылымы соның бірі. Ұлы далада ұлық ұлыстар құрып, әлемдік өркениетке үлес қосқан Ұлы елдің мұрагері екенімізді сезіндірген ерекше қойылым болды. Өнердің құдыреттілігі де осында болса керек. Сондықтан, тарихи жадыны жаңғыртатын туындыны дайындаған, басы-қасында жүріп жұп-жұмыр дүние жасаған театр ұжымына арнайы алғысымды білдіремін!»,-деді өңір басшысы.

87627592 ed03 4e1a a7b7 6fc1b9d2217e

Бұл жыл — Атырау өңірі үшін тарихи тұрғыда ерекше болғанын атап өткен облыс әкімі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Ұлық Ұлыс-Алтын Орда» халықаралық конференциясы өткеніне тоқталды.

«Түркі бабалар байрақ көтерген байтақ мекен, Жошы ұлысының ұйытқысы — Алтын орда бүгінде Алты Алаштың арқа тірер айбыны. Шетелдік және отандық белгілі ғалымдар төл тарихымызды түгендеп, барын бағалауға зор ықпал етті. Ұлт тарихын ұлықтауға жаңа серпін берді»,-деген аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов тарихи қала Сарайшыққа қатысты да біраз мәселені жеткізді.

«Жайық бойындағы Сарайшық – көне қала орны ғана емес, Алтын орданың саяси-экономикалық орталығы болған қасиетті мекен. Алдағы мақсатымыз – Cарайшықты қалпына келтіріп, туризм орталығына айналдыру. Сапар орталығының құрылысы басталды»,- деген өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

50a51b88 115a 4fa7 b525 aca6cb695d97

«Тарихи терең Атырау өңірі – ежелден ел билеген хандардың, қол бастаған батырлар мен сөз бастаған би-шешен, ақындардың, құдыретті күйшілердің мәңгілік мекен тапқан жері. Ұлттық тарихты түгендеп, руханиятты жас буынға дәріптеу жұмыстарын арттырамыз. Өйткені, тарихын танымаған, тегін білмеген жұрттың тағылымды ұрпақ өсіріп, тегеуірінді мемлекет құруы екіталай. Бүгінгі шығарманың басты идеясы – Ұлы далада Ұлық мемлекеттер құрған бабалардың «Мәңгілік ел» болу арманы. Сол асқақ арманға бүгінгі ұрпағы жетті. Төрткүл дүние санасатын Егемен елге айналдық»,-деген облыс әкімі Тәуелсіздіктің тұғырлы болуын тіледі.

dcb38be9 56ff 4f61 8451 c2b2dd058e72

Сонымен қатар, салтанатты іс-шарада аймақ басшысы театр ұжымына ризашылығын білдіре отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хатын» табыс етті.

Сонымен қатар, өнертанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақановқа ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз