«Сарайшық» сапар орталығы кешенінің қазығы қағылды

241864093 4666446633368238 1762755589196376829 n 1 Тәуелсіздікке 30 жыл

Аптаның алғашқы күні Махамбет ауданының  Сарайшық  ауылында көптен күткен   «Сарайшық» сапар орталығы кешенінің алғашқы қазығы қағылды, – деп хабарлайды atr.kz

Бұл қуанышты жаңалықпен «Сарайшық» музей-қорығының директоры Ә.Мұқтар бастаған тарихшылар мен қоғам өкілдері әлеуметтік парақшаларында бөлісуде.

Туристік ортаның алғашқы жұмыстарына Махамбет аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы А.Салиев, Сарайшық ауылдық округінің әкімі Ж.Пазулов, құрылыс салушы мердігерлік компания өкілдері қатысты.

Айта кетейік, аталған туристік орталық  2017 жылы жоспарланып, бірақ, іске аспай қалған болатын.

241904961 4666446603368241 8201508260549868231 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз