Облыс әкімі атыраулықтарды құрбан айт мейрамымен құттықтады

whatsapp image 2021 07 15 at 13.05.48 Тәуелсіздікке 30 жыл

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыс жұртшылығын әлеуметтік желі арқылы Құрбан айтпен құттықтады. 

«Қайырлы таң құрметті жерлестер!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Бұл —  қайырымдылық пен ізгілік әдеттегіден ерекше салтанат құратын кез. Сондықтан Құрбан айт бағзыдан әлсізге қорған болып, жетім-жесірді жебейтін ұлтымыздың қанына біткен қайырымдылық дәстүрлерімен әдемі үндеседі.

Мемлекетіміз келісім мен ынтымақ, тұрақтылық пен бейбіт даму сынды құндылықтарды ту етіп ұстап келеді. Құрбан айт мейрамы ел бірлігі мен рухани тұтастығымызды нығайтуға да елеулі үлес қосуда. 

Атымтай жомарттарымыз мұқтаждарға көмектесу мен жақсылық жасаудан жаңылған емес. Пандемия өршіп тұрған кезде көптеген қайырымдылық іс-шаралар жасалды. Ел үшін істеліп жатқан бұдан өзге де игі істер көп.

Осындай жақсылықтарға бастамашы болып, қолдау көрсетіп жүрген жерлестеріме шынайы ризашылығымды білдіремін.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, құрбандық шалу рәсімдері кезінде сақтық шараларын ұстанып, карантин талаптары шеңберінде орындауға шақырамын! 

Құрметті жерлестер, Қасиетті мейрамда жасаған ізгі амал-ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! 

Әрбір отбасына амандық, береке, ал елімізге  бірлік пен тыныштық тілеймін!», деді облыс әкімі өзінің Facebook парақшасындағы жазбасында.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз