Көкпен көмкерілген қала

images 1 Саясат

Ерке Есілдің жағасындағы Елорданың бүгінгі кескін-келбеті көркем, әлем алдындағы атақ-абыройы асқақ. Бұрынғы атабабаларымыздың жырларындағы «Еңсесі биік Ақ Орда» теңеуі бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласына әбден лайықты секілді.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде атқарылған ауқымды іс-шаралардың арасынан елдің астанасын көгалдандыру, оның маңында жанға сая болар жасыл-желекті көбейтіп, орманды алқаптарды молайту бағытындағы жұмыстарды айрықша атап өтуге болар еді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, бұл жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер, бульварлар) тал-терек егілетін учаскелердің көлемі көбейеді.

Демалыс орындары көбейеді

«Толқын тәрізді аллея» аумағында үстел теннисі мен шахматқа арналған үстелдер, демалуға және әткеншек тебуге арналған көлеңкелі аймақтар орнату жоспарланған. Бұл «Триатлон паркін» жаңа бөртегүл бағымен біріктіре отырып, экомаршрут құруға мүмкіндік береді. Онда мыңнан астам бөртегүл көшеті отырғызылады.

Елорданы абаттандыру жұмысы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шеберлік-жоспарының негізгі тұжырымдамасына сәйкес қолға алынған. Былтыр Триатлон саябағын ауқымды а б ат т а н д ы р у ж ұ м ы с т а р ы басталған болатын. Қалада а л ғ а ш р е т к ө п і р а с т ы алаңдары жасалды. Сарайшық көшесіндегі «Арқар» көпірінің астында спортпен айналысуға арналған бірнеше аймақ ашылып, саябақ аумағында футбол алаңдары орнатылған. Т ұ ң ғ ы ш П р е з и д е н т саябағында көлеңкелі бас т ы рм а л а р , ә т ке н ш е кт е р , үш субұрқақ, оның ішінде тұманды булану, орындықтар және т.б. орнатылды. Алдағы уақытта өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірін салу жоспарланыпты. Бұл көпір Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы демалыс орнын бірыңғай кластермен біріктіруге мүмкіндік береді.

Шаһар шырайын кіргізетін жоба

Шаһар басшысының айтуынша, жасыл белдеудің жалпы ауданы – 14 827 гектарды құрайды. Оның 11 502,2 гектарына 9,6 млн-нан астам ағаш (қайың, шегіргүл, терек, үйеңкі, қарағай) пен 1,8 млнға жуық бұта (қарақат, дерен, үшқат, мойыл) отырғызылған.

Н е г і з і н е н а ғ а ш т а р д ы ң жапырақты тұқымы 98,2% болса, қалғаны қылқан жапырақты ағаштың үлесінде. «Жасыл белдеуде» орм а н ш а р у а ш ы л ы ғ ы н ұйымдастырудағы басты мақсат – орман экожүйесінің тепетеңдігін сақтап, халықтың жаппай демалуы үшін қолайлы жағдай жасау. Бұл міндетті шешу үшін қала әкімдігінің б а с т а м а с ы м е н 2 0 11 – 2 0 1 6 жылдары Елорданың жасыл белдеуінің оңтүстік-батыс бөлігі аумағында ұзындығы 25 км асфальтты төсемі бар веложол мен велосипедшілердің демалуына арналған 11 самалжай салынды. «Астана орманы» мекемесі мамандары «Жасыл белдеудегі» веложол елордалықтар мен қала қонақтары үшін таптырмас демалыс орны болатынын айтады. Қазіргі уақытта қала әкімдігі осы нысанды одан әрі дамытып, екі жалға беру пунктін, жаяу жүргіншілер жолын (2 км), кросс кантри (6 км), «Қарқаралы» тас жолы жағынан веложолдың қосымша шағын шеңберін, әртүрлі спорт және балалардың ойын алаңдарын салуды қарастырған.

Қазірдің өзінде жасыл белдеудің әсері байқала бастаған. Желдің орташа жылдамдығы біртіндеп б ә с е ң д е п к е л е д і . О р м а н алқаптары қар тоқтату қызметін д е а т қ а р уд а . О с ы л а й ш а , а л ғ а ш қ ы к е з е ң д е г і м е н салыстырғанда, соңғы жылдары шаңды дауылдың қайталануы 3, боран 1,5 есеге және тұманның жиілігі 35-тен 21 жағдайға дейін қысқарған көрінеді. Нұр-Сұлтан қаласының қ о р ш а ғ а н о р т а н ы қ о р ғ ау және табиғатты пайдалану басқармасы орман алқабын құру жөніндегі барлық ісшаралар көрсетілген қаланы көга лдандыруға арна лған техникалық-экономикалық негіздемсін әзірлеуде. Биыл жұмыс жобасы аяқталып, келесі жылдан бастап іске асырылуы жоспарланған.

Елордаға қарап бой түзейміз

Е л о р д а д а ғ ы ж ұ м ы с т а р елімізде жасыл-желекті көбейту, орман қорын молайту жөніндегі игі бастамаларға себепші болды. Атырау облысы бойынша табиғи ресурстарды реттеу және табиғат қорғау басқармасы мамандарының айтуынша, өңірдегі мемлекеттік орман қорының көлемі – 52 400 гектар. Оның ішінде орманды алқап – 15 100 гектар. Орман алқаптары негізінен Жайық және Қиғаш өзендерінің бойында орналасқан. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе жасақталған қадамдық жоспар бойынша облыста 2 800 гектар орман алқабында 2020-2025 жылдары аралығында барлығы 7 млн-нан астам ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Жайық өзені бойындағы тоғайларды қалпына келтіру, жайылма алқаптарды жасыл желекпен көмкеру өз кезегінде өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсерін тигізеді. Қазір межеленген жоспарға сәйкес, әрбір орман шаруашылығы мекемесі көшет егілетін учаскелер мен ағаш түрлерін анықтап, нақты жоспарын жасақтады. Мұндай ауқымды жұмыстарды атқару орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық, техникалық жарақтандыру деңгейіне байланысты жүзеге асатыны сөзсіз. Соңғы 3 жыл ішінде жергілікті бюджеттен 427 млн. теңгеге 3 орман мекемесіне машина, трактор паркі, өрт сөндіру стансасы, жұмыс кестесі бар кешен, 2 өрт бақылау мұнарасы салынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, орман мекемелерін жарақтандыруға жергілікті бюджеттен 206 млн. теңге бөлінді. А л , 2 0 2 0 – 2 0 2 5 ж ы л д а р ғ а арналған қадамдық жоспар көрсеткіштерін орындауға қажетті қаржы көлемі 769 млн. теңгені құрайды.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз