…Кең сарайдай боз үйім

Тәуелсіздікке 30 жыл

Иә, Елордаға алғаш барғанымыз есімізде. Ол кезде қала жаңадан салына бастаған. Сол жақ жағалаудағы ғимараттар әр жерден бір қылтиып көрінеді. Айнала ала шаң. Оның арасында қараң-құраң етіп адамдар, гүрілдеген ауыр техникалар жүр. «Мына басталып жатқан нысан «Қазмұнайгаздың» бас кеңсесі. Анау жердің бәріне тұрғын үйлер, әкімшілік, қоғамдық орындар, түрлі нысандар салынады» деді жол бастап келе жатқан адам. …Содан бері біраз жыл өтіпті. Бүгінде Қазақстанның астанасы сәні мен салтанаты келіскен көркем шаһарға айналған.

Нұр-Сұлтан қаласының экономикасында ерекше серпін бар. Соңғы 20 жылда жалпы өңірлік өнім шамамен 190 есеге артып, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші 30 есеге көбейген. Инвестиция да осындай көлемде ұлғайып отыр. Үлкен құрылыс алаңына айналған бас қаланың тұрғын үйлері де күннен күнге биіктеп барады. Жуырда НұрСұлтан қаласының әкімі Алтай К ө л г і н о в р е с п убл и ка л ы қ «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында мынадай деректерді келтірді.

– Былтыр шаһарымызда 3 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Оның 80 пайызы – жеке инвестиция. Биыл бұл көрсеткіш 3,2 млнға дейін өсуі керек. Мемлекет басшысының қолжетімді тұрғын үй санын, құрылыс көлемін үш есеге арттыру туралы тапсырмасы болды. Өткен жылы біз бұл үдеден шыға білдік. Қазіргі күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 48 мыңнан астам адам тұр, – деді шаһар басшысы.

. . . Ө з і н А л м а с д е п таныстырған жігіттің отбасымен Атыраудан Нұр-Сұлтанға көшіп барғанына төрт жыл өтіпті. Олар жыл жарымдай уақыт пәтер жалдаған көрінеді. Кейін тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының көмегімен 2 бөлмелі жаңа баспанаға қол жеткізген.

– Пәтерден пәтерге көшіп жүрген бастапқы кезеңде қиын болғанын жасыра алма й м ы з . Т ү рл і с е бе п п е н иелері үйдің жалдау құнын қымбатт ат атын. «Жөндеп қойған пәтерді балаларың бүлдіреді» деп қашқақтағандар да болды. Осындай жағдайларға қарамастан бүгін біз жаңа, кең де жарық пәтерге қол жеткіздік. Айтайын дегенім, Елорда – жастарға үлкен мүмкіндік ту ғ ы з ат ы н қ а л а , – д е й д і сұхбаттасушымыз.

Еліміздің бас қаласында баспанаға мұқтаж жандарға барынша жағдай жасалып жатқандығы белгілі болды. Мәселен, жеңілдікпен берілетін пәтер алушылардың санаты кеңейтілген. Қазір дәрігерлер мен мұға лімдерден өзге, әлеуметтік саланың өкілдері, полиция, өрт сөндіруші, мәдениет қызметкерлері, спортшылар қоныстойларын тойлай бастады. Тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн. теңгеден 1,5 млн. теңгеге дейін ұлғайтылған.

– Е л о р д а д а « ж ұ м ы с істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы екі жылдан бері жүзеге асып жатыр. Бұған дейін мыңға жуық жас отбасы пәтер кілтін алса, биыл тағы 300 жас отбасыға пәтер табыстау жоспарланып отыр. Баспана мәселесі қоғамдағы өткір мәселенің бірі болғандықтан, мемлекет тарапынан жылдан жылға жүйелі жұмыстар атқарылып келеді, – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Елордадағы тұрғын үй құрылысынан өңірлердің үлгі алатын тұсы бар. Мұнда халыққа қолайлы жағдай жасауға ерекше маңыз берілетіні байқалады. Әлеуметтік нысандардың бәрі қолсозым жерде. Жаңа тұрғын үй кешендері пайдалануға берілместен бұрын оның бірінші қабатында қажетті қызметтер жұмысын бастап кетеді екен. Олардың қатарында оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық көмек көрсету, полицияның тірек пункттері, тағы басқа әлеуметтік нысандар бар. Қазақстанның астанасындағы тұрғын үй құрылысының дүмпуі облыстарға серпін беріп отыр. Бүгінде Атырау облысында бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 280,5 мың шаршы метрді құрайтын 3164 пәтерлі 51 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жыл соңына дейін 1944 пәтерлі 25 көп қабатты үйді (жалпы ауданы 174,3 мың шаршы метр) беру жоспарланған.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз