Бейнесінде шексіз әсем нұр тұнған,Жайнай берсін астанамыз құлпырған!..

astana2018 Саясат

Бүгінде Қазақстанның бас қаласы жаһандық тақырыптар талқыланатын, экономикалық мәселелердің түйіні тарқатылатын, дінаралық келісім кеңестері өтетін белді орталыққа айналып отыр.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылдың 20 қазанындағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып бекітілгені белгілі. Сол сәттен бастап тың өлкесінің орталығы болған ескі қала Сарыарқа төсіндегі әсем шаһарға айнала бастады. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласында аспанмен бой таластырған заманауи ғимараттар мен зәулім үйлер, тарихи монументтер салынып, елдік, әлемдік маңызды шешімдер қабылданатын еңселі Елорда бой түзеді. Тәуелсіз Қазақстанның көк туы қазақтың киелі мекені – Сарыарқа төсінде, тоғыз жолдың торабында желбіреп тұр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз