
Сауал – сізден, жауап – бізден!
Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті құқықтық-ағартушылық жобаны бастады. Аталған жаңа жоба оқырмандарды
толғандыратын құқықтық мәселелерге нақты әрі заң аясындағы жауап ұсынуды мақсат етті.
2026 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті «Түркістан» газетіне берген сұхбатында қоғамдағы маңызды бағыттарға назар аударды. Осы ойлар құқықтық мәдениетті күшейту қажеттігін көрсетті.
«Сауал – сізден, жауап – бізден» жобасы аясында редакцияға жолданған сауалдарға тәжірибелі заңгерлер, мемлекеттік басқарма өкілдері түсінікті тілмен жауап береді. Жоба тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға, күнделікті өмірде кездесетін заңдық түйткілдерді түсінуге көмектесуге бағытталған.
Сұрағыңыз болса, бізге жолдаңыз, қадірлі оқырман! Заңды білу әр адам үшін маңызды.
Байланыс телефондары: +77017650928 (whatsApp), +77786646427.
Электрондық пошта: atyrau_gazeti@mail.ru



