ЖЕРЛЕСІМІЗ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

«Атырау» халықаралық әуежайында Тайландта грек-рим күресінен өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Евгений Поливадовты қарсы алу шарасы өтті.

17 жастағы атыраулық палуан қазіргі таңда Алматы спорт колледжінде білім алуда. Евгений – аталған спорт түрінен Корея, Тайвань, Қытай және Өзбекстан палуандарын жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Чемпионды қарсылап алған грек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Рашид Мусин, Атырау қаласындағы №2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айбар Есенғалиев және тағы басқалар жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.
Евгений Поливадов тамыз айында Қытайда өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Жерлесіміздің осы жолы да бағы жанып, ел абыройын асқақтатарына сеніміміз мол.

Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ.
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз